Маңғыстау облысында 500 кВ энергия тарату желісін салу көзделіп отыр. Осы
арқылы Батыс аймағының қуат көздері Қазақстанның бірыңғай энергетикалық
жүйесімен біріктірілмек. Өңірді энергиямен тұрақты түрде қамту мәселелері Үкіметте
қаралды. Сондай-ақ осы өлкеде жаңа генерациялау жобаларын іске қосу межеленген.
Бұл бағытта тұтынудың болжамды өсімін ескере отырып, бірқатар ұзақ мерзімді
шаралар әзірленді. Осы ретте газ және жаңартылатын энергия көздеріне
негізделген гибридті стансалар салу қарастырылған. Жаңа баламалы қуат
көздерінмен қатар, қолданыстағы стансалар жаңғыртылады. Жоспар толығымен
еңсерілсе Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының энергоблоктары ажыратылғанның
өзінде тапшылық Орал-Атырау-Маңғыстау
транзиті арқылы өтеледі. Яғни, тұтынушылар қуаттан шектеу көрмей үздіксіз
қамтылады. Премьер-Министр жоспарланған жобаларды 2024-2026 жылдары іске
асыруды талап етті. Бұған дейін олардың мерзімі 2027-2028 жылдар деп
белгіленген болатын.