Адам өмірін жайлы ететін сандық қондырғылар. Елордада NURIS hardware challenge бағдарламасының қорытынды кезеңі өтті. Байқау талабына сай қатысушылар қоғам игілігіне жарап, шарапаты тиер сандық үлгідегі мобильді құрылғы ойлап табу керек. Ол үшін жас құрастырушыларға арнайы сандық прототиптеу зертханасы бөлініп, 2 ай уақыт берілген. Бірнеше бағытта 50-ге тарта жобаның тоғызы ақтық сынға жолдама алды. Негізінен әлеумет күнделікті тұрмыста қолданатын заттар, балалар мен үй жануарларына арналған бұйымдар және медициналық бағыттағы қондырғылар. Арасында елімізде баламасы жоқ бионикалық протез құрастырғандар бар. Үздіктері қаржылай сыйақыға ие болады. Жалпы жүлде қоры 2 миллион 200 мың теңге.
Алмат Дүйсенбаев, жоба авторларының бірі:
– Бұл протез электродтар арқылы бұлшық еттен сигналдар алып, адамның қолының қозғалысын қайталайды. Бұл протезді алдағы уақытта кең көлемде шығарып, Қазақстанды бионикалық протезбен қамтамасыз етеміз деген ойымыз бар.
Зарина Кутпанова, ұйымдастырушы, цифрлық прототиптеу зертханасының аға менеджері:
– 120-шақты компанияны шақырдық. Бұл компаниялар негізінен жеке тұлғалар. Біздің бағдарламада қатысатын жобаларға көмектесе алатын, қаржы негізінде осындай бағдарламаны дамыта алатын компанияларды шақырдық. Қазір сұранысқа ие болып отыр өзіңіз көрсеңіңіз біздің әртүрлі жобаларға қызығушылық танытып жатыр келген қонақтардың арасында.