«Nomad: black and white». Дәл осындай атаумен елордада белгілі график-суретші Батухан Байменнің көрмесі көпшілік назарына таныстырылды. Линогравюра жанрында жұмыс істейтін шебер көшпенділердің мәдениетін арқау еткен. Автор бүгінде өз жұмыстарын халықаралық деңгейде, оның ішінде Германияда, Түркияда, Кипрде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Қазақстанда таныстырып келеді. «Бүгінде линогравюра өнерін дәріптейтін суретшілер аз», – дейді шебер. Жастарға гравюраның не екенін, оның қаншалықты ерекше бола алатынын көрсету мақсатында осы көрмені ұйымдастыруды жөн көрген.
Айта кетейік, суретшінің биографиясында бұл 13-ші жеке авторлық көрмесі. Елордадағы экспозицияға 50-ге жуық туынды қойылды.
Батухан Баймен, график-суретші:
- Линогравюра жасау ең кенже өнер болып дамымай, артта қалған. Осы өнерді әлемдік деңгейге көтеру, оның мүмкіндігін көрсету үшін бұл жерде 5-6 метрлік түрлі-түсті линогравюралар бар. Мұның жасалу технологиясы қиындықты, қажырлықты талап етеді. Бұл жерде 2020 жылы және кейінгі жылдары жасалған жұмыстар көрсетілген, Линогравюра жанрын халық біле бермейді, сондықтан осы көрмені ұсынып отырмын.
Авторы: Ақзер Сегізбай