Биыл еліміз бойынша 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуына байланысты, мектеппен қоштасу мерекесі дәстүрлі форматта өтеді. Білім ордасын үздік оқыған 8 мың 139 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер ретінде тіркелді. Министрлік аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 16-17 маусымға жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы биыл өзі ұйымдастырады. Іс-шараны өткізу үшін жеке студияларды жалға алуға, аниматор, агенттіктер, әртістерді тартуға, мерекелік дастархан жаюға, жалға автокөлік алып, экскурсияға шығуға, сыйлық алуға қаражат жинауға, ойын-сауық мекемелерінде көңілді кеш ұйымдастыруға тыйым салынады.
Автор: Әсел Күшенғалиева