Зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, қазақстандықтарға тұрғын үй құрылыс кооперативіне үлестік қатысу шарты бойынша үлестік жарна ретінде зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Оның үстіне кооператив жергілікті әкімдікте ресми түрде тіркелуі керек.
Сонымен қатар енді жұмыс беруші өз қызметкеріне тұрғын үй сатып алуға несие ақшасын ұсына алады. Қарызды өтеу үшін жұмыскерге оның зейнетақы төлемдерін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте сатып алынған жылжымайтын мүлік міндетті түрде кредитордың атында болуы тиіс. Сондай-ақ баспана сатып алуға ақша жинап жатқандарда зейнетақы төлемдерін тұрғын үй құрылысы салымының шотына аудару мүмкіндігі пайда болады. Тыйымдар да енгізілді. Демек жұбайының жақын туыстарынан баспана сатып алу үшін зейнетақы қорларын пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат аудару мерзімдері үштен 10 күнге дейін ұзартылды.