Қазақстанның туризм саласы қарыштап дамып келеді. Тек бірінші жартыжылдықта еліміздің қонақ үйлері туристерге шамамен 99 миллиард теңгеге қызмет көрсетті. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 45%-ке көп. Былтыр республиканың орналастыру орындарында саяхатшылар 68 миллиард теңгеге жуық жайғасқан. Бұл пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда екі есеге жуық өсті.
Ақмарал Меңлібек, ҚР Туризм және спорт
министрлігі комитеті басқармасының бас сарапшысы:
-Биыл бірінші жартыжылдықта орналастыру орындарының қызметін пайдаланған ішкі туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 мың туристке артық. Ал пандемияға дейінгі деңгейден 1 млн адамға көп.
Сондай-ақ, биыл бірінші жартыжылдықта еліміздегі
орналастыру орындарына 500 мыңнан аса шетелдік турист тоқтаған. Бұл көрсеткіш
былтырғы нәтижеден шамамен 2 есе артық.