Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы толғау» кітабы румын тіліне аударылды. Ол Бухарестте Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай таныстырылды. Кітап Кемел Тоқаевтың балалық және жастық шағы, сондай-ақ әдебиеттегі шығармашылық жолы туралы баяндайды.
Мигель Маури Буэндия, Ватикан елшісі, апостол нунций:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабының тағылымды таныстырылым өтті. Барлық адамның тегін білуі өте маңызды. Тоқаев мырза Қазақстанның келешегін құруға үлкен үлес қосып жатыр деп ойлаймын.
Ал астанадағы Ұлттық академиялық кітапханда Румыния Президентінің «Біртіндеп басып биікке» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды.
Мэдэлина Лупу, Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
– Мұндай іс-шаралар халықтардың рухани байланыстарын, білім, мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайтуға ерекше үлес қосатынына сенімдімін.
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының Басқарма Төрағасы:
– Румыниядағы елшіліктің белсенділігінің арқасында, шынын айтқанда, қазір Бухарест қаласында қазір Қазақстан деген саябақ бар. Соның қақ ортасында біздің Абай атамыздың ескерткіші тұр. Европа төрінде Абай атамыздың ескерткішін асқақтап тұрғанның өзі көңілге қуаныш ұялататын екен.