Қазақстанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі қосылды

Қазақстанда дайын құжаттарды клиенттің үйіне дейін жеткізу қызметі іске қосылды. Әзірге бұл игілікті екі ірі мегаполис тұрғындары пайдалана алады. Пилоттық жоба бір ай бұрын елордадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде іске қосылып, серіктес курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

Нұржан Дүйсебай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметінің өкілі:

- Дайын құжаттарды қалай алады? Клиент өзінің құжаттарын тапсырғаннан кейін оған арнайы веб-сервис арқылы SMS жолданады. Ол хабарламаға мекенжайыңызды көрсету арқылы құжатты алу мүмкіндігіңіз бар. Егер бұдан оң нәтиже болып жатса, біз барша қазақстандыққа осы жобаны орнатқымыз келеді. Бұл өте ыңғайлы. Әсіресе уақытын және жол жүруге кететін қаражатты үнемдеуге айтарлықтай көмектеседі.

Жобаға бүгінде 144 мемлекеттік қызмет қосылды және бұл соңғы сан емес. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілінің айтуынша, халық көп тұтынатын қызметтер қатары тағы да толықтырылады.

Нұржан Дүйсебай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметінің өкілі:

- Ағымдағы кезеңде 144 мемлекеттік қызметті қосу іске асырылуда. Оның ішінде мемлекеттік жылжымайтын мүлікті тіркеу, білім беру сапасын апостильдеу және т.б. Жақын арада жеке куәліктер, жеке көлік жүргізуші куәлігін және төлқұжаттарды беру жоспарлануда. Әлбетте ол жақын арада толыққанды жеткізіледі.

2020 жылдың еgov.kz электрондық үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болып, онда автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері мен дайын техпаспорттарын үйге жеткізу сервисі іске қосылғанын айта кеткен жөн.