Талапкерлер құжаттарды egov электронды тұғырнамасы арқылы
онлайн форматта және дәстүрлі офлайн түрде жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына
тапсыра алады. Университеттердің виртуалды қабылдау комиссиясы да жұмыс
істейді. Айта кету керек, мемлекет есебінен тегін оқуға өтініш тәулік бойы
қабылданады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Біз биыл талапкердерге барлық мүмкіндіктерді беріп
отырмыз. Яғни, талапкермен оффлайн түрде, міне коріп отырсыздар ЕНУ бүкіл
халыққа қызмет көрсету орталығы моделімен пысықталған, бүкіл ЖОО. ҰТО-ның веб-сайты
арқылы тапсыруға болады, ЕГО – үкімет электрондық портал арқылы тапсыруға
болады, виртуалды комиссия арқылы тапсыруға болады. Яғни, шалғай, ауылдық
жерлердегі адамдарға онлайн түрде өздері ЕГОВ арқылы тапсырып немесе ЖОО
виртуалды комиссия арнайы біздің колл-центрларымыз дайын. Штатық режимде бүкіл
ең жәрибелі қызметкерлеріміз, ең тәжірибелі қабылдау комиссияның хатшылары осы
жұмысқа қосылған. Ректорлық, министрлік тіккелей осы бақылауда ұстап тұрмыз осы
сұрақтарды. Бүкіл талапкерлерге үлкен сәттілік.
Еске сала кетейік, биыл жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде оқу үшін 88 мың грант бөлінді. Оның
73 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңнан астамы магистратураға, өзгесі докторантураға түсу
үшін арналған. Ең көп бөлігі инженерлік, өңдеу, құрылыс салаларына қатысты
мамандықтарға бағытталған. Сонымен қатар педагогика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар, математика және статистикаға бөлінген грант саны басым. Өтініштерді қабылдау шілденің 20-на дейін жалғасады.