Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының брифингінде белгілі болды. Елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлауға тұрғындардың 69,43% қатысты. Өңірлер арасында ең жоғары белсенділік Қызылорда, Жетісу, Абай және Түркістан облыстарында тіркелді. Аталған аймақтарда халықтың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Мегаполис тұрғындары әдеттегідей самарқау. Келушілер саны бойынша ең төменгі көрсеткіш Алматыда тіркелді.