Egov Mobile қосымшасына кіру тек биометрия арқылы қолжетімді

Egov Mobile қосымшасына кіру тек биометрия арқылы қолжетімді

Енді eGov Mobile қосымшасына кіру тек биометрияның көмегімен ғана қолжетімді болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Әзірлеушілердің айтуынша, қосымшаға қосылу процесі әлдеқайда жеңілдеген. Ол үшін Digital ID бейне сәйкестендіруден өтіп, ЭЦҚ-кілтін алу қажет. Жаңадан енгізілген тетіктер азаматтарға көбірек функцияларды пайданалуға, сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Бүгінде  еGov Mobile қосымшасында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет қолжетімді. Ай сайын оны 2,5 миллионға жуық қазақстандық белсенді пайдаланады.