Egov.kz порталында кәсіпкерлерге арналған жаңа қызмет түрі пайда болды

Egov.kz порталында кәсіпкерлерге арналған жаңа қызмет түрі пайда болды

Құрылтайшы жарғылық капиталдағы үлестерін сенімгерлік басқаруға беру үрдісін онлайн жүзеге асыра алады. Яғни енді бұл шаруа үйден шықпай-ақ қашықтан тындырылады. Бұған қоса кәсіпкерліктегі үлесін сеніп тапсыратын мерзімін өзгерту және қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Жаңа қызмет заңды және жеке тұлғаларға бірдей қолжетімді әрі тегін көрсетіледі. Еgov.kz порталындағы кәсіпкерлерге арналған өзге электронды қызмет түрі сынды жаңа жүйе экономикалық белсенді қауымның уақытын үнемдеу, қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерді барынша жоюды көздейді.

Арай Уразова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Біздің порталда заңды тұлғаларға арналған 93-ке тарта қызмет түрі бар. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, азаматтар мен кәсіпкерлер үшін бизнестік үрдістерді оңтайландыру қамында белсенді жұмыс атқарудамыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов