Отандық және шетелдік сарапшылардың басты назарында ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, сондай-ақ, саладағы перспективалар мен соңғы трендтер. Мамандар шығармашылық салаға үлкен мән беріп отыр. Саланың әлемдік экономикадағы көлемі жылына 2 трлн доллардан асады. Орталық Азияның осындай көрсеткішке жету мүмкінідігі мол. Атап айтқанда, еліміз 2025 жылға қарай креативті индустрияның ел экономикасына қосатын үлесін 5%-ке жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, бүгінгі отырыстарда халықаралық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты беделді қауымдастықтардың өкілдері өңірді одан әрі дамытуға деген көзқарастарымен бөлісті. Еске сала кетейік, Астанада өтіп жатқан бірінші Орталық Азия медиа форумына 100-ден астам сарапшылар шақырылған.
Шахин Мустафаев, халықаралық түркі академиясының президенті:
- Сессияда жасалған негізгі қорытындылар негізінде халықаралық ұйымдардың рөлі артып келеді. Өйткені дәл осы ұйымдардың аясында осы заманның сын-қатерлеріне жауаптар, түйіткілді мәселелердің шешімдері болуы мүмкін. Себебі олар халықаралық жүйелердің негізгі құрамдас бөліктері, элементтері, олардың шеңберінде көптеген мәселелерді шешуге болады.