Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 454 жаңа жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 309 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 2837 адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 291 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 532 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион 866 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.