Өткен тәулікте тағы 946 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 154 449 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 999 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 170098.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы 20144
Алматы қаласы 20523
Шымкент қаласы 5733
Ақмола облысы 8450
Ақтөбе облысы 3823
Алматы облысы 8285
Атырау облысы 15030
Шығыс Қазақстан облысы 19595
Жамбыл облысы 5296
Батыс Қазақстан облысы 9985
Қарағанды облысы 12848
Қостанай облысы 8743
Қызылорда облысы 3493
Маңғыстау облысы 3888
Павлодар облысы 10723
Солтүстік Қазақстан облысы 9633
Түркістан облысы 3906
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 866, 542 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 656 жетті.