Қазақстанның ұлттық сыныптауыш жобасы жаңартылады. Жүргізілген талдау
шеңберінде елде 900-дан астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарланып
отыр. Оның 840 жуығы жаңа. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі мәлімдеді. Мәселен, «биомедициналық инженерлер» тобы зерттеуші
биоинженер және биомедициналық инженер деген екі мамандықпен толықпақ. Ал,
медицина саласында паллиативтік медицина дәрігерлері және диабетологтар деген
жеке кәсіп пайда болады. Сондай-ақ, бұдан былай Ұлттық сыныптауышта экологиялық
сарапшы, дрон операторы, цифрлық агроном, диджитал технолог сынды ерекше
мамандық түрлері енегізіледі. Айта кетейік, Өзгерістер жобасы мемлекеттік,
жергілікті атқарушы органдар, Кәсіподақтар федерациясы және Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды. Бұған қоса, аталмыш
жобада жұмыс берушілер қауымдастығының, кәсіби стандарттарды әзірлеушілердің
және жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілген. Қазір құжат көпшілікпен талқыланып жатыр.