Еліміздің төрт өңірі әлі де коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймақта тұр. Қостанай, Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында қатерлі індет жұқтыру көрсеткіші жоғары. Бұндай мәліметтер ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау сайтында жарияланды. Ақмола өңірінің бас санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулысы шыққан. Оған сәйкес, өлке тұрғындарына аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуға тыйым салынады.
Еліміздің бас шаһары Нұр-Сұлтан мен Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары сары аймаққа жатқызылған. Өзге өңірлер жасыл аймақта. Бұл тізімге жақында Алматы қаласы кірді. Осы түстерге жіктеу аймақтардағы қатерлі індетке қатысты эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін білдіреді. Айта кетейік, пандемия басынан 135 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырған. Қатерлі індеттен 1990 адам қайтыс болды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов