Қазақстанда жыл басынан бері инфекциялық
аурулардың 21 түрі бойынша, соның ішінде коронавируспен сырқаттану
көрсеткіштері төмендеген. Бұл
туралы мемлекет басшысымен кездесуінде Денсаулық
сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал
Әлназарованың
айтуынша, медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыруға баса
назар аударылып отыр. Алғашқы және стационарлық медициналық көмекті
ұйымдастырудың тәсілдері мен диагностикалық
және емдеу стандарттары қайта
жетілдірілуде. Президентке Денсаулық сақтау
инфрақұрылымын дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
туралы ақпарат берілді. Қабылданған тұжырымдама аясында денсаулық сақтау
ұйымдарының оңтайлы және тиімді желісін құруға бағытталған 34 негізгі жобаны
іске асыру жоспарланып отыр.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін
ұйымдастыру, дәрі-дәрмек пен
медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерді талқыланды. Сондай-ақ, медициналық
мекемелер жұмысының тиімділігін арттырып, міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруды
бақылауды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу туралы баяндадым. Президент пациенттерге
бағдарлай отырып денсаулық сақтау жүйесін сапалы қайта құру, бөлінетін
қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ
алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес денсаулық сақтау сапасын
арттыру сияқты бірқатар міндеттер қойды.