Шетелдік әйгілі Wanderlust журналы Қазақстанды келесі жылы саяхаттауға болатын ТОП 24 елдің қатарына қосты. Танымал британдық басылым рейтингісін жариялады. Қазақстан 11 орынға тұрақтады. Журнал оқырмандарын Ұлы даланың қызықты тарихын бейнелейтін көшпелі халықтардың көп ғасырлық мәдениетімен танысуға шақырады. Бүгінде еліміздің тұмса табиғаты мен қонақжайлылығы шет мемлекеттер арасында Қазақстанның брендіне айналып үлгерген.
Қайрат Сәдуақасов «KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Қазақстан бұл тізімде бірден көзге түседі. Өйткені еліміз
салыстырмалы түрде жаңа бағыт. Жалпы бұл порталды Америка, Еуропа, Азия
елдерінің, әлменің түкпір-түпірінен адамдар қолданады. Сондықтан алдағы
Көшпенділер ойындарының өтуі қарсңында бұл тізімге енуіміз өте маңызды болды. Бұл – өте ауқымды шара. Қазірдің өзінде ойын 5 мәрте ұйымдастырылды. Сонымен қатар оның Қазақстанның бас қаласында өтуі өте жақсы. Осылайша, біз Қазақстанның басқа қалаларымен бірге елорданы ерекше
атап өткіміз келеді. Өйткені осы уақытқа дейін Астана әкімшілік
аймаққа, іскерлік іс- шараға көбірек ұқсайтын, енді оны өзге қырынан көрсеткіміз келді.