29-30 мамырда Қазақстанда Астана Халықаралық форумы өтеді. Алқалы жиынға Біріккен
Ұлттар Ұйымының үлкен делегациясы қатысады. Аталған ұйым форумның стратегиялық
серіктесіне айналды. Қазақстандағы Ұйымның тұрақты үйлестірушісінің міндетін
атқарушы Стивен О'Малли атап өткендей, әлемдегі геосаяси шиеленіс жағдайында
Астана Халықаралық форумы сындарлы диалог пен өзекті мәселелерді шешуде негізгі
алаң. Сондай-ақ, ауқымды іс-шара аясында жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік
туындайды. Бұл - біздің еліміздің бейбітшілік пен әл-ауқатқа деген
қызығушылығының тағы бір дәлелі.
Стивен О’Малли, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісінің міндетін
атқарушы:
- «Қазақстан географиялық жағынан ғана емес, саяси жағынан да батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын көпірге айналды. Бейбітшілікті ілгерілетуде Қазақстан үлкен рөл атқарады. Біз Астана халықаралық форумына дайындық деңгейін, оның күн тәртібін көріп отырмыз. 30-ға жуық панельдік сессия болады. Жоғары деңгейдегі қонақтар шақырылған. Форум диалог үшін тамаша алаң болады деп ойлаймын».

