Қазақ күйлерінің антологиясы АҚШ-та таныстырылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған «Аманат» жинағында қазақтың 500 күйі жинақталған. Жоба авторлары елдің музыкалық мұрасын алдағы уақытта Азия және Еуропа елдеріне насихаттауды жоспарлап отыр.
Муслим Хасенов, «Сауап» қоғамдық қорының өкілі:
- Жоба қоғамдық қордың жеке қаражаты есебінен жасалды. Оның ерекшелігі, көптеген қиындық өнер саласындағы ішкі мәселелермен байланысты болды. Бұл – материалдарды іздеу, жинау, мұрағаттарға қол жеткізу, цифрландыру, өңдеу, жазу.