«Бұл Шұғылада болған еді» фильмі. Кинотуынды Қазақстанға қашан қайтарылды?

Телғара «Шұғыла» колхозында 20 жыл бойы төрағалық қызмет атқарады. Ол колхоздың экономикалық тұрғыда орнығуына бар күшін салып, аудандағы үздік ауылдардың бір ету жолында еңбек етеді. Алайда, жылдар өте келе Телғара қатты өзгереді. Дандайсып, колхоздағыларға құлақ асудан және сыйлаудан қалады. Айналасын жағымпаз адамдармен қоршайды. Бұның бәрі колхоздың күйреуіне әкеліп соғады. Мал өлімі көбейіп, астық өнімдерінің түсімі азаяды. Жас аграном Бақытжан, фельдшер Ксюша және Жантас бұл ауылды көтеруге бел буады. Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» фильмі ширек ғасырдан кейін Қазақстанда көрсетілді. Картина 1955 жылы түсірілген. Кеңес Одағы тұсында фильмнің прокаты шектеулі болған. Ал оның жалғыз көшірмесі, нақтырақ айтсақ, Контротип РФ-дағы «Белые столбы» мемлекеттік фильмдер қорында 60 жылдан астам уақыт бойы жатқан. 2018 жылы аталмыш кино картина Евгений Лумпов ұйымдастырған фильмнің «Елге оралу» акциясында Қазақстанға оралды.