Зергерлік бұйымдар сыры

Өнердің де тілі бар. Иә, көркем сурет-түс пен бояу, әдебиет-сөз арқылы белгілі бір оқиғаны баяндайды. Шебердің қолынан шыққан әрбір туынды адамға ой салады. Қиялымызды жетілдіруге мүмкіндік береді, осы орайда жүрек қылын қозғайтын, таңғажайып көңіл-күй сыйлайтын музыка құдіреті туралы айта кеткен жөн. Ән мен әуен шабыттандырады, тыңдаушысын тебірентеді. Өнер-қазына, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі баға жетпес ұлттық байлығымыз. Қолөнер шеберлері атадан қалған мұраны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырған. Айжан Тленбектің отбасында да осындай игі дәстүр қалыптасқан.