Суретші, иллюстратор Әйгерім Кәрібаева: Біз не үшін осы жолды таңдадық ? Өйткені көркемөнерді насихаттағымыз келді. Оның сұранысқа ие бағыт болғанын қаладық. Адамдар суретке қызықса, ол арқылы мәдениетін таныса деген арман болды. Сондықтан, осындай арт-тауарларды дайындадық. «Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді» деген екен әйгілі суретші Пабло Пикассо. Әр суреттің терең мағынасы, философиялық мәні бар.