Шығармашылықта шек жоқ. Театр өнерінің классикалық жанрлардың шекарасынан асуына байланысты, ірі қалалардың картасында тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін мәдениет ошақтары пайда болды. Мұндай мекемелердің атмосферасының өзі ерекше болады. Тіпті кейде, театр орналасқан ғимарат сіздің дүниетанымыңызды өзгертіп, қиялыңызды дамытады.
Бұл Кеңес заманынан қалған орын. Бомбадан қорғану үшін арнайы жасақталған. Ол сұрапыл соғыс жылдары салынған көрінеді. Ауыр металдан жасалған есіктері, тас қабырғалары бар бұл жердің құпиясы мол. Мысалы дизель бөлмесі: онда ядролық соғыс болған жағдайда бункерде жасырынғандарды энергиямен қамтамасыз ететін генератор тұр. Сонымен қатар адамдардың сыртқа шығуына арналған жасырын жол да бар.