Бүгін – Татарстанда аза тұту күні

Тұрғындар Қазан қаласында шабуыл жасалған мектепке гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Ресейдің басқа өңірлерінде де халық аза тұтып, қаза тапқандардың рухына тағзым ету орындарын құрған.

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде 19 жастағы жігіт қарудан оқ атып, 9 адам қаза тапты. Олардың арасында 7 бала бар. Жарақат алған 21 адам ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол бұрын полиция мен әлеуметтік қызметтің есебінде тұрмаған. Отбасында да қиындықтар байқалмаған. Бұл туралы Татарстандағы Бала құқығы жөніндегі өкіл хабарлады. Оқыған оқу орнынан «салмақты, сыпайы, ұқыпты студент еді» деп мінездеме берілген.

Блиц:

- Менің мектепке еш қатысым жоқ. Бірақ менің де балаларым бар. Маған өзге ата-аналар қақтығыс видеоларын жіберді. Барлық бала үшін жанымды шүберекке түйіп отырдым.

- Менің ойымша, бұл – барлығына ортақ қайғы. Бұл – қасірет. Сондықтан барлығымыз қауіпсіздік мәселесіне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Әр адам кішкене болсын өз үлесін қосу керек деп ойлаймын.