Бразилия елшісі: Латын Америкасы мен Орталық Азияны қалай жақындатуға болады?

Бразилия елшісі: Латын Америкасы мен Орталық Азияны қалай жақындатуға болады?

Латын Америкасы мен Орталық Азия - географиясы алшақ болғанымен, болашаққа деген ұмтылысы ортақ аймақтар. Қазақстан мен Бразилия - дәл осы ұқсастықтар арқылы жақындасып келе жатқан елдер. Қазақстандағы Бразилия Елшісі Марсель Фортуна Биато - «Дипломат өмірі» бағдарламасының жаңа қонағы.

Сұхбат барысында ол дипломатияны - «айырмашылықты түсіне отырып, ортақ тіл табу өнері» деп сипаттап, өзінің әлем елдерінде қалыптасқан көшпелі өмір философиясымен бөлісті. Елші Латын Америкасы мен Орталық Азия арасындағы «менталдық арақашықтықты» қысқартудың жолдарын да ұсынды.

Әңгіме экономикалық байланыстар, агротехнологиялар мен ғылым саласындағы серіктестік туралы өрбіді. Соныменқатар, мәдени үндестік тақырыбы да қозғалды: Астанадағы бразилиялық балет труппасы, паралимпиадалық дзюдо сынды күтпеген, бірақ жылы байланыстың мысалдары сөз болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?