Швеция - тұрақты
технологиялар, цифрлық медицина және теңдік саласында әлем көшбасшыларының
бірі. Қазақстан - қарқынды дамып келе жатқан, амбициясы зор мемлекет. Бүгінде
екі ел арасында серіктестіктің жаңа форматы қалыптасып келеді.
«Дипломат өмірі»
бағдарламасының жаңа шығарылымында - Қазақстандағы Швеция корольдігінің елшісі
Ева Полано.
Сұхбатта швед
технологиялары Қазақстанның солтүстігін цифрлық медицинамен қалай қамтамасыз
ете алатынын, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау экономикаға қалай әсер ететінін және
тек инвестиция ғана емес, адамдар арасындағы байланыс неге маңызды екенін
талқыладық.

