Мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, өңірлер, қала және ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты азайту және ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы және өзге де міндеттер «Білімді ұлт – сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында шешіледі. Бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардан бұл ұлттық жобаның айырмашылығы: оған бәрі жауапты болады, оны бақылау қолға алынады.
Айта кетейік, жалпы ұлттық жоба 4 бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш және 26 іс-шараға негізделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Жоба 2025 жылға қарай жүзеге асырылады.
Авторы: Әсел Күшенғалиева