«Berlin Bazaar-2023» қонақтары қазақ мәдениеті мен қолөнеріне тәнті болды

Ұлттық киім үлгілері, зергерлік бұйымдар, ағаш пен былғарыдан жасалған био және эко өнімдер. Қазақстандық дизайнерлер мен қолөнер шеберлері бірегей туындыларын Германияда өткен әлемдегі ең ірі «Berlin Bazaar» халықаралық көрмесінде ұсынды. Ұлттық павильон қонақтары қазыналы қазақ халқының төл мәдениеті әдет-ғұрпы мен салт санасына қанықты. Сондай-ақ еліміздің туристік әлеуетімен танысып, көрікті жерлері әсем табиғаты және курорттық аймақтары жайында бейнероликтер көрсетілді.

- Біз көрмеде ұсынылған қазақстандық мәдениет пен өнеріне тәнті болдық. Қонақжайлық танытып жақсы күтіп алды. Әсіресе ұлттық тағамдары ұнады, дәмі тіл үйіреді. Павильонда қойылған әр бұйым көңілімізден шықты. Бәрін ерекше қыласпен қызықтап қайттық.

- Қазақстан – таңғажайып ел. Осы көрмедегі ең үлкен павильон сіздердікі болды. Маған қысқы ұлттық киімдер, мойынорағыштар мен ұлттық ою-өрнектері бар бетперделер өте қатты ұнады. Бұл – еуропалықтар үшін таңсық нәрсе. Қазақстандық топтама ерекше екен, оны көптеген сән көрсетілімінде таныстыруға болады.

- Қонақтардың барлығы үлкен қызығушылық танытып жатыр. Бұл біздің мәдениетті кеңге насихаттаудың үлкен мүмкіндігі деп айта аламын.