Ғалымдар бұл экзотикалық өсімдіктің ақуызын бүйрек пен көкбауырға пайдалы екенін әлдеқашан дәлелдеген. «Ніл раушаны» деп те аталатын гүл Қиғаш өзенінің 5 гектарын алып жатыр. Тазалық пен сұлулықтың символына айналған ғажайып өсімдік шілде айының ортасынан бастап тамыз айының соңына дейін жайқалып өсіп, артынша көз тартар сұлулығын қауызына жиып алады екен.
Экзотикалық өсімдікті қызықтауға Ресей мен Грузиядан, тіпті алыс шетелдерден туристер үзілмей келетін. Бірақ биыл пандемияға байланысты кісі қарасы аз. Дегенмен жергілікті тұрғындар табиғаттың осынау ғажайып сыйын тамашалауды дәстүрге айналдырған.
Тілекқабыл Ғұмаров, қала тұрғыны:
- Қызықтап келіп, демалып тұрамыз. Қиғаш өзенінің бойымен жан-жақтан туристер келіп жатады. Табиғаттың ерекше сыйын бағалауымыз керек. Оны келер ұрпаққа қалдыру керек.