Астананың жаңа
жылдық шыршасы ТМД-дағы ТОП-10 ең биік шыршалар қатарына енді.Тізімді
қазақстандық екінші қала - Алматының да
орман сұлуы толықтырды. Достастық елдеріндегі ең биік жаңа жылдық шыршалары бар
қалалардың ондығында Ашхабад көшбастап тұр. Шыршаның биіктігі – 44 метр.
Кейін Ереванда - 37, Ташкентте - 35 м,
Бакуде - 34, Бішкекте - 32 м, Минскіде және Душанбеде - 30, Астана мен Мәскеуде
- 25 м, Алматыда – 20 м болды. Айта кетейік, Қазақстанның басты жаңа жылдық
шыршасы EXPO көрме орталығының аумағында орналасқан.