Астанада медиа сарапшылар саланың ақпараттық қауіпсіздігі талқылады

Астанада медиа сарапшылар саланың ақпараттық қауіпсіздігі талқылады

Қазақстанда «Astana Media Week 2023» апталығы өтіп жатыр. Дәстүрлі күздің басты медиа шарасы әдеттегідей саланың санқилы мәселелерін сүзгіден өткізіп, жаңа өзгерістерге жол ашуға бағытталған. Биылғы жиында деректерді қорғау және медиа кеңістікті барынша цифрландыру жағы аса өзекті екенін танытты.

Данияр Бибасар, IT компанияның бас директоры:
-Жалпы әлемде бұл айти өнімнің баламасы бар. Біздің ерекшелігіміз бұл біріншіден Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарын толық қамтимыз. Екіншіден аналитикалық орталығымыз бар. Ол медиа анализ саласындағы кез-келген мақсаттарды шешуге көмектеседі. Жасанды интеллект сізге табылған негативке жауап дайындайды.

Орталық Азия өңіріндегі бірегей алаң қатысушыларды ақпараттық кеңістікте жаңғырумен қатар этика мен жауапкершілікке, жалған ақпаратқа қарсы тұруға үндейді. Осы бағыттарда отандық және шетелдік сарапшылар ой қозғап, пікір алмасып жатыр. Жалпы елордалық медиа шара биыл Түркия, Корея, Ресей және Орталық Азия өңірінің  сала майталмандарынның басын қосты.

Мехмед Захид Чалышкан, Түркия телерадиокорпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:
– Егерде халықаралық деңгейде қарайтын болсақ, бұл шара тек Орталық Азия және Түркі әлемінің ғана емес өзгеде елдердің сала мамандарының басын қосады. Яғни, халықаралық деңгейде пікір алмасатын алаң. Бұндай аса ауқымды шараның Қазақстанда өтуі елдің медиа индустриясы өзгеге үлгі екенінің бірден-бір көрсеткіші деп білемін.

Медербек Шерметалиев, Қырғызстанның «КАБАР»  ұлттық ақпараттық агенттігінің директоры:
- Қырғызстанның Кабар агенттігі Қазақстан жалпы Орта Азияның бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптестік орнатуға дайын. Жалпы бұндай шаралар Орталық Азия өңірінің ақпарат саласындағы аймақтық қауіпсіздігі  үшін үлкен маңызға ие. 

Биыл шараға алғаш рет тəуелсіз подкасттар мен диджатал контент авторлары тартылды. Жалпы Astana Media Week үш күнде 2 мыңнан астам қатысушыны жиып, 60 тан астам топ менеджерді бір алаңда тоғыстырады деп күтілуде.