Астанада сарапшылар клубында гендерлік даму мәселелері талқыланды

Астанада сарапшылар клубында гендерлік даму мәселелері талқыланды

Қазақстан Парламенті Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының кезекті отырысында гендерлік даму мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар тақырыптық зерттеулерін ұсынды. Сонымен қатар, бизнес, қаржы, саясат және әйелдер құқығын қорғау саласында өздерінің атқарған жұмыстары және үздік тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осыған қатысты нақты статистикалық мәліметтерге тоқталды. Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың басым бөлігін әйелдер құрайды.  Қазір нәзік жандылар саны 10 млн асты. Сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау – ел дамуының маңызды қадамдарының бірі.  


Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:


- Президенттің бастамасымен әйелдер қауымына жағдай жасауға басымдық беріледі.  Бірақ бізде гендерлік дамумен байланысты мәселелер әлі де бар. Гендерлiк алшақтыққа байланысты мәселелер кезігеді. Әсіресе  ауылдық жерлердегі нәзік жандылардың экономикалық белсенділігі әлі де төмен. Сонымен қатар, әйелдердің белсенділігіне кедергілердің бірі қоғамдағы қалыптасқан стереотиптерге байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда біздің қоғамда, саяси институттарда, басқарушылық позицияларда әйелдердің рөлін күшейту, олардың экономикалық қауіпсіздігін, тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін осы стереотиптермен күресу аса маңызды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?