Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтуде

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтуде

Машина жасау саласы Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күшінің бірі. Бүгінде бұл сектор отандық өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің шамамен 20%  құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс өсімі 5,7 трлн теңгеден асты. Сондай-ақ, былтыр құйылған инвестициялар 300 млрд теңгеден асып жығылған. Экспорттың дамуы да қарқын ала түскен.  Соңғы бес жылда шетелдік нарықтарға жеткізілім екі есеге жуық артып, 3 млрд теңгеден асты. Бұл ретте автомобиль құрастыру, теміржол және электротехникалық көлік жасау үлесі біршама артты. Бүгін Астанада 13-мамандандырылған форум барысында саланың әлеуеті талқыланды.  

Махамбет Меңдіғалиев, Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы директорының орынбасары:

- Өтіп жатқан форумның негізгі мақсаты - жалпы Қазақстан бойынша отандық машина жасау саласын одан әрі дамытудың қадамдарын, роботтандыру, өнеркәсіп саласына жасанды интеллект енгізу мәселелерін, сондай-ақ өндірісті оқшаулау және қазақстандық машина жасаушылардың үлесін арттырудың тың жолдарын айқындау. Әрине, экспорттық әлеуетті арттыру да басым бағыттардың бірі.

Қазақстанның жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірінің өнімі шетелде жақсы танымал. Мұнда өндірілген жабдықтардың жартысы бірден сыртқы нарықтарға кетеді. Прокат станоктары, таспалы конвейерлер мен тау-кен өнеркәсібіне арналған ұсатқыштар, құбырлар, металл конструкциялары және мұнай-газ саласына арналған бұрғылау сорғылары сұранысқа ие. Кәсіпорын экспорт аясын одан әрі кеңейтуге ниетті.

Есет Дүйсенов, Алматы ауыр машина жасау зауытының бас директоры:

– Өзіміз құямыз болаттың барлық түрін. 8 тоннаға дейін өнім құямыз. Сосын шойын құямыз. Өзіміз оны өндейміз, жонамыз. Қазір біз 6 елге шығарамыз. 2004 жылы Жапонияға шығарғанбыз. Шетелден қызығушылық бар. Қазір контракт Тәжікістан алюминиевый заводпен бар. Үлкен контрактар бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?