Еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланыс белгілі бір уақыттарда қосылады. Бұл туралы Президент өзінің Қазақстан халқына үндеуінде айтты. «Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланысты белгілі бір уақыттарда қосу туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім азаматтарымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететініне сенімдімін. Алайда интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін. Ондай материалдар шықса, олардың авторларын тауып жауапкершілікке тарту шараларын қабылдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.