Елордада үлкен
теннистен Аstana Open АТР 250 турнирінің негізгі кезеңі басталды. Еске салайық,
кеше іріктеу ойындары өтті. Бүгін Ұлттық теннис орталығында сегіз кездесу
жоспарланған. Бұл қатарда екі қазақстандық теннисші бар. Олардың бірі Михаиль Кукушкиннің
дебюті. Ол жекелей сында португалиялық әлемнің 86-шы ракеткасы – Нуну Боржеспен
өзара шеберлік байқасады. Ал жұптық кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы
Александр Бублик ресейлік Даниил Голубивпен бірге өнер көрсетеді.
Асқар Ағатаев,
Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз хатшысы:
– Жалпы турнир
жоғары деңгейде өтіп жатыр. Кеше басталды жарыс. Алдымен іріктеу ойындары
болды. Бүгін міне негізгі кезең. Сондықтан жақсы ойындар өтеді деген
сенімдемін. Жалпы бұл жарысқа әлемнің 20 астам елінің теннисшілері келді.
Олардың арасында Италия, Франция, АҚШ, Аргентина және тағы басқа мемлекеттер
бар.