Беделді әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары топ-менеджерлерінің кезекті кездесуі елордада өтеді. Дәстүрлі Astana Media Week шарасы 27-28 қыркүйекке жоспарланған. Оған мемлекет қайраткерлері, телеконтенттің ірі дистрибьютор-компанияларының өкілдері, шетелдік журналистер, документалистер мен блогерлер қатысады. Соңғы бес жылда медиасаммит ең озық идеялар пайда болатын танымал алаңға айналды. Апталық аясында қатысушылар әлемнің ең өзекті деген мәселелерін талқылап, пандемия жағдайында саланы дамыту туралы әңгімелеседі. Модераторлар қатарында «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, медиа-менеджер Арманжан Байтасов, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина және басқа да сарапшылар бар.
Ләззат Аманбекова, ұйымдастырушы:
- Astana Media Week аясында «Formats day» атты жабық іс-шара ұйымдастырылып көрсетіледі. Онда медиаконтент иегерлері Fremantle, Discovery, Universal, Kiss Media және т.б. сияқты әлемдік өндіруші-дистрибьюторлар жабық форматтағы іс-шараға қатысушыларға өздерінің үздік және жаңа жобаларын таныстырады. Сондай-ақ шеберлік сабақтарының ішінде коучинг, шешендік өнер саласындағы көшбасшылардың бірі Радислав Гандапастың сабағы болатынын атап өту керек.
Авторы: Ақзер Сегізбай