Биометриялық тексеріске негізделген отандық өнім сынақтан
өткізіліп жатыр. Бұл жөнінде арнайы брифинг барысында шекара қызметінің
өкілдері мәлімдеді. Төлқұжаттық бақылаудың қауіпсіздігін, жылдамдығы және
тиімділігін қамтамасыз ететін жобаны болашақта елдің өзге де халықаралық
әуежайлары мен ірі шекаралық өткізу бекеттерінің жұмысына қосу көзделуде. Жалпы
бүгінде 46 шекаралық өткізу пунктінде заманауи инфрақұрылым құру жұмыстары
жүріп жатыр. Негізгі жобаларды 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
Бұған қоса шекара тыныштығын әуеден қадағалаудың тың бастамалары қолға алынған.
Серік Ахметқалиев, ҚР ҰҚК ШҚ шекара күзеті департаменті
бастығының бірінші орынбасары:
- Қазақстан ғарыш сапарымен үнемі бірлескен мониторинг
жүргізіледі. Біз олардан ғарыш түсірілімдерін аламыз. Біз аталмыш ұйымның
қызметін пайдаланамыз. Жаңа технологияларды ендіру бойынша ортақ шаралар қолға
алынған. Оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұшқышсысыз ұшу
апараттарын қолдануға қатысты жоба бар.
Осы бір кешенді іс-шаралардың енді бір мақсаты бізге кіретін
шетелдіктердің ағынын арттырып, елдің туристік
әлеуетін жақсарту қамы, дейді мамандар.
Бұл ретте, өзге елдің азаматтарын Қазақстанға саяхаттау белсенділігін
арттыру үшін туристік топтарға шекарадан өту барысында басымдық берілетінін
айта кеткен жөн. Нәтижесінде, биыл ел аумағына енген адамдар мен көліктердің
қатары өткен жылдың сәйкес кезеңінен екі есе артқан.
Ғани Ағаділов, ҚР ҰҚК ШҚ шекаралық бақылау департаменті
бастығының бірінші орынбасары:
- Бұған еліміздің көліктік транзиттік әлеуетін артыру, жаңа
әуе бағыттарын ашу, келу тиризімін дамыту мақсатында шетелдіктер үшін визалық
және иммиграциялық ережелерді жеңілдету ықпал етті. Аталған кезеңде мемлекеттік
шекара арқылы барлығы 20 млн астам адам , 4 млн 400 мыңнан аса көлік құралы
өткізілді. Тәулігіне орта есеппен 190 мың адам оның 90 мыңы шетелдік азаматтар
және 30 мыңға дейін көлік құралдары өтеді.