Астана Халықаралық
әуежайы 7 млн 500 мыңыншы жолаушысын қарсы алды. Мерейтойлық жолаушы –
Алматы-Астана бағытымен келген Сейтқазиевтер отбасы. Алғашында олар әуежай
басшылығы қол шапалақтар қарсы алғанда тосырқап, таң қалып қалғаны байқалды.
Себебі нақты қай жолаушы тек әуежай табалдырығын аттай бергенде ғана белгілі
болғанын атап өткен жөн.
Бауыржан Сейтқазиев:
- Біз жаңа ұшақтан
түскенде білдік. Ұшақтың ішінде хабарлама берді. Біздің ұшақта 7 жарым
миллионыншы азамат ұшып келе жатыр деді. Бірақ, оны ұшақтан түскенде айтамыз
деді. Сол ұшақтан түсіп келе жатқан кезде менің, баламның және жолдасымның
атымыз жазылып тұр екен. Ешкім күтпейді ғой бұндайды.
Айта кетейік, Көлік
министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, жолаушылар ағыны өткен
жылмен салыстырғанда көрсеткіш 25% артқан. Астана әуежайынан тәулігіне 200-ден
аса рейс орындалады. Ал 11 айда 30
мыңнан аса ұшу жүргізілген.
Ерғазы Жолдасов,
Астана Халықаралық әуежайының басқарма төрағасы:
- Біз 6
миллионыншы жолаушыны 2019 жылы күтіп алғанбыз. Енді 7 млн 500 мыңыншы
жолаушыны күтіп 11 айдың қорытындысын тәмамдап отырмыз.