ҚР Премьер-Министрі ЭЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Асқар Мамин бұл бастаманы Ашхабадта ЭЫҰ-ның 15-ші саммитінде жария етті. Өз сөзінде Қазақстанның ұйым елдерімен жиынтық тауар айналымының биылғы 9 айда 31%, яғни 8 млрд доллардан астам өскенін атап өтті. Бағдарламада агроөнеркәсіп кешенінде бірлескен өндірістік үдерістер құру қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі COVID-19 сын-тегеуріндерін және пандемиядан кейінгі кезеңнің стратегиялық міндеттерін ескере отырып, ел экономикасының кооперациялық дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынды. Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесуінде Асқар Мамин екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.