«АрселорМитталл Теміртау» компаниясының ұжымы ерекше балаларды мерекемен құттықтады

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ұжымы қалыптасқан дәстүрін жалғастырып келеді. Биылғы жылы компания Қарағанды облысының №2 Оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне Монтессори әдістемесі бойынша жабдықталған бөлмені сыйға тартты. Бұл сый Балаларды қорғау күніне орай жасалды. Орталықта түрлі ауытқулары бар 58 бала тәрбиленетінін айта кеткен жөн.

– Балаларды оқыту бағдарламасын қалай дайындайсыздар? Әрқайсысына жеке-жеке ме?

– Әр балаға жеке-жеке дамыту бағдарламасы ұсынылады.

– Орталықта жалпы қанша қызметкер жұмыс істейді?

– Бізде техникалық қызметкерлерді, 13 мұғалімді, мамандарды, сонымен қатар 4 тәрбиеші және 4 тәрбиешінің көмекшісін қоса алғанда  30-дан астам қызметкер бар.  

Монтессори әдісіне сәйкес, мұғалім баланың оқу процессіне араласпайды, тек сырттай бақылап, оның өз ортасын қалыптастыруына жағдай жасайды.

Осылайша балалар қоршаған ортамен өз бетінше танысуға мүмкіндік алады.

Ольга Чеховская, Қарағанды облысы 2 білім басқармасының «Оңалту Орталығы» КММ Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

– Біздің оңалту орталығында барлық жағдай жасалған. Енді балаларға түрлі түзету жұмыстары жүргізілетін Монтессори бөлмесі де бар.  Осы ретте, бізді үнемі қолдап, қолпаштап жүретін Биджу Наир бастаған «Арселормиттал Теміртау» компаниясының ұжымына үлкен алғыс айтқым келеді.

Балаларға арналған мерекелік тосынсыйлар мұнымен аяқталған жоқ. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өкілдері онкологиялық ауруы бар бүлдіршіндерге жәрдем көрсететін «Балалар Өмір үшін» қорының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға жылы көрпелер сыйға тартты.