«Әлішер Науаи және қазақ әдебиеті». Өзбекстанда қаламгер Қалдыбек Сейдановтың жаңа еңбегі көрерменге жол тартты. Сонымен бірге жазушының өзбек тіліндегі «Қандашлар» туындысы да таныстырылды. 80 жастағы қаламгер өнегелі өмір жолында 23 кітап пен 740-тан астам мақала жазды. Оның басым бөлігі қазақ тілінде жарияланды. Ол қос елдің ұлы тұлғалары Абай мен Науаи арасындағы байланысты зерттеген. Сондай-ақ Қалдыбек Сейданов Өзбекстандағы қазақ мектептеріне арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын жазған.
Қалдыбек Сейданов, жазушы:
- Көптеген еңбек жаздым. Екі халықтың достығын жырладым. «Абай және Орта Азия әдебиеті» еңбегінде соның барлығы кең көрініс тапқан. Биыл Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы болады. Соған «Мұхтар және Орталық Азия» әдебиеті мен тәлімдік ғибратнамалар дайындап жатырмын. Жасым 80-ге келгендіктен жастардың тәрбиесіне көп көңіл бөлемін. Оны оқыған балалар ұлы тұлға болып қалыптасады деп ойлаймын.