Арменияда қаралы күн жарияланды

Арменияда қаралы күн жарияланды

Арменияда Сурмалу базарында қаза тапқандарды еске алу үшін аза тұту жарияланды. Тиісті шешім үкіметтің сайтында жарияланған. Еске сала кетейік, Еревандағы қайғылы оқиға туралы алғашқы ақпарат 14 тамызда пайда болған. Мамандардың айтуынша, өрт пиротехникалық заттар қоймасындағы жарылыс салдарынан болған. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 62 тұрғын жарақат алған. Екі адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасады.