Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарды алдағы мерекелерді отбасымен өткізуге және халық көп жиналатын орындарға бармауға шақырды. Орталық Коммуникациялар қызметіндегі брифингте қала әкімі эпидемиялық жағдай мен санитарлық нормаларға бей-жай қарамайтын тұрғындарға алғыс айтты.
АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ:
- Алда көптеген мерекелер келе жатыр. Мұнда халық көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берер едім. Жаңа жылдың отбасылық мереке екені баршаға аян. Сондықтан Жаңа жылды аурухана төсегінде қарсы алғаннан гөрі, үйде отбасының ортасында күткен жақсы ғой. Бұл күндері аса мұқият болыңыздыр.
Сонымен қатар Алтай Көлгіновтың айтуынша, мереке күндері Нұр-Сұлтан қаласында локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ.
Авторы: Әсел Күшенғалиева