Қазақстан Президенті Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма жүктеді

Қазақстан Президенті Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма жүктеді

Қазақстанда қылмыс саны азаюда. Жыл басына бері құқықбұзушылық 9% төмендеген. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндады. Ведомства басшысының дерегінше, негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады. Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысына киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмыс пен экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде және қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша ақпарат берді. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма жүктеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?