Қазақстан Орта Азияда алғаш болып онкологиялық ауруға шалдыққан жандарға протонды терапция жасайды. Аймақтағы тұңғыш мекеме жаңа Ұлттық ғылыми-онкологиялық орталықта орналасады. Ол жылына 6 мың адамды қабылдай алады. Орталықта радионуклейдті диагностика мен терапия жасайды. Сонымен қатар, радиофармпрепараттар өндіріледі деп күтілуде. Одан бөлек, сүйек кемігін трансплантациялау бойынша жылына 200 ота жасай алатын онкогематалогия орталығы да құру жоспарда бар. Сондай-ақ оның қабырғасында ғылыми-білім беру орталығы ашылады. Үлкен диагностикалық емханамен қатар, 3 ота жасау залы мен 140 орынға шақталған ірі стационар қарастырылған. Заманауи талапқа сай жабдықталған орталық 2024 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру үшін Швейцария мен АҚШ-тан жетекші компаниялар тартылған. Құрылыс жұмыстары қазір 90% аяқталды.