Алматы қаласының микроклиматы енді арнайы құралдардың көмегімен анықталады. Мегаполисте атмосфералық ауаның сапасын анықтайтын датчиктер орнату жоспарлануда. Азия Даму банкі қала әкімшілігіне жаңа дәуірдің осындай 50 өлшеуішін табыс етті. Құрылғы ластанудың негізгі көздерін анықтайды. Демек, олардың көмегімен қаланың экологиялық жағдайын, онымен қоса тұрғындардың денсаулығын да жақсартуға болады. Аталмыш құрылғы күн панельдері мен сыртқы қорғаныс экрандары және нақты уақыт режимінде ауа сапасы туралы мәліметтерді жариялайтын ұялы байланыс желісінен тұрады. Олар «Қазгидромет» пен Азия Даму банкі «Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі» жобасының веб-сайттарында орналастырылады.
Авторы: Гүлбану Тәжібек