Алматыда «Абай жолымен» атты көрме ашылды

Алматыда «Абай жолымен» атты көрме ашылды

Алматы қаласында «Абай жолымен» атты көрме ашылды. Ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған танымдық іс-шарада 80-нен астам бірегей туынды қанат жайды. Олар кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер сияқты түрлі жанрларды қамтиды. Келушілер назарына Абайдың портреттері, оның шығармаларына арналған иллюстрациялар, ұлттық ою-өрнек пен зергерлік бұйымдар ұсынылды. Осылайша ұйымдастырушылар ақынның мұрасын жаңаша қырынан танытуға тырысты. Экспозициядан орын тепкен ерекше туындылардың бірі полимер мен темір үйлесімінен қашалып жасалған «Абай» шығармасы. Сөз зергерінің тағлымды өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін шарада еш жерде қойылмаған осындай бірқатар тың туынды жарық көрді.


Тілек Чуленов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:

- Скафандр ретінде қолданып отырмын, ғарыш тақырыбына байланыстырып. Бірақ-ақ атамыздың бет жүзін бейнесін өзгертпей сол көнелік жүзімен қалдырып отырмын. Қанша прогрессив болса да қазағымыздың аты өшпес деп мынау төңірегіндегі қазақ өрнегіміз соның данышпандылығын көрсетуге тырыстым.


Көрме аясында өтетін шеберлік сабақтарында отандық суретшілердің дәстүрлі кескіндеме және графика техникасы көрсетіледі. Сондай-ақ, қонақтар киіз басу, тері өңдеу және кестелеу өнері мен ұлттық киім тігу түрлері бойынша білімдерін шыңдай алады.


Болатбек Нұрбатыров, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің түлектер қауымдастығының жетекшісі:

-Абайдың туындыларына, Абайдың қара сөздеріне негізгі тақырып алып отыр және Абайдың портретін салуда. Бұл жерде тұрған суреттеріміздің артымызда графикалық жұмыстар ерекше көзге түседі және оның техникасы да жан жақты қарағанда, оның бір ерекшелігі бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?