Астанада Президент шыршасы өтті. Дәстүрлі мерекелік шараға аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, оқуда озат, спортта жетістікке жеткен 100-ге жуық бала қатысты. Балаларға арналған түрлі қойылым, сүйікті ертегі кейіпкерлері мен түрлі қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, балғындарға Қазақстан Президенті атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Жаңа жылдық сыйлыққа толы қапта сөмке, планшет, танымдық кітаптар топтамасы, ойыншықтар мен тәттілер бар. Бұған қоса елдің әр өңірінен келген жеткіншектер Астананың әсем жерлерін аралады.
Әли Құдияров, оқушы:
- Менің көңіл күйім өте жақсы. Шырша көңілді өтіп жатыр. Менің киімім өмір ағашы деп аталады. Бәйтерекке, Ұлттық музейге және Назарбаев университетіне экскурсия болды. Сабақты жақсы оқу керек, тәртіпті болу керек, алға талпына беру керек. Болашақта мен бизнесмен болғым келеді.
Жеңіс Ермұқанов

